ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды. 2017 жылғы 6 қыркүйекте сағат 10.00-де Қызылорда облысы аумағында электросиреналарды қоса отырып «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беру, сонымен қатар теле-радио арналардың хабар таратуын үзу арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.