ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Тәжікстанның Душанбе қаласында үш күнге созылған әмбебап жекпе-жектен ересектер арасында өткен Азия чемпионаты аяқталды.
Аталмыш сайысқа жерлесіміз №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушы Әліби Болатұлы қатысқан болатын. Жарыста 80 келі салмақта өнер көрсеткен еркін күрес шебері бүгінде алтыннан алқа тағынып, Азия чемпионы атанды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Байрақты бәсекеде бағын сынаған Әліби бұған дейін де облыс біріншілігіне, Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып жүлделі орындардан танылып жүрген жайы бар.