БИЫЛ 8 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ОҚИҒАЛАРЫНА АЗАЙҒАН
Бүгіннен бастап облыс аумағында екі күнге созылған «Қыс-2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары өтеді. Бұл туралы кеше «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығы Сайд Молдақараев мәлімдеді.
- Оқу-жаттығу барысында қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою мақсатында халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейін арттырып, төтенше жағдайды жою үшін құрылған авариялық – құтқару қызметтері мен құрамалардың санын, құрамын, мақсатқа сай болуын және әзірлігін, сондай-ақ, материалдық – техникалық ресурстар қорларының, энергиямен жабдықтаудың резерв көздерінің бар және жай-күйін тексеру жоспарлануда, - деді С.Молдақараев.
Айта кету керек, өткен жылы 87 төтенше жағдай орын алған. Ал биыл 79 төтенше жағдай оқиғасы тіркелді. Демек 8 жағдайға азайған.
Шынар БЕКБАН