ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕГЕНДЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ
Қызылорда облысы бойынша түрлі сылтаулармен алимент төлемей жүрген 2 мыңнан аса адам бар. Жалпы аймақта бұл бағытта 4 мыңнан астам іс тіркелген. Тұрақты мекен-жайын жасырып, жауапкершіліктен қашып жүргендерді іздеуге полиция қызметкерлері кірісті.
Енді баласына үш айдан артық көмек бермегендер әкімшілік жазаға тартылады. Ал қызылордалық жеке сот орындаушылары білім күні қарсаңында атаулы жәрдемақыға мұқтаж отбасылардың балаларына оқу-құралдарын үлестіріп жүр.
Нұрымжан Саймов, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы:
- Қазір бізде 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында «Алимент» акциясы жүріп жатыр. Мектепке даярлық барысында оқушыларды ынталандыру мақсатында сонымен қатар алимент төлейтін борышкерлерге қатысты көкірегін ояту мақсатында іс-шара ұйымдастырып жатырмыз.