ДАУЫЛ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 4 қыркүйек күндіз, 5-6 қыркүйек тәулік бойы Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел сақталып, найзағай, 5-6 қыркүйекте кей жерлерде бұршақ, дауыл күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы