«АБАЙЛАҢЫЗ - БАЛАЛАР!»
ҚР ІІМ нұсқауымен республика көлеміндегі автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында және 2017-2018 жаңа оқу жылының басталуына байланысты облыс көлемінде қыркүйек айының 1-5 күндері аралығында “Абайлаңыз, балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қатар, жергілікті атқару органдары, білім, денсаулық сақтау басқармалары және басқа да мүдделі ұйым өкілдері тартылып жатыр.
Өткізілетін іс-шара барысында «Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу», «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» тақырыптық іс-шаралары және «Сіздің жолаушыңыз – бала!» атты профилактикалық акциясы өткізіледі.
Атап өту керек, ағымдағы жылдың 7 ай көлемінде облыс көлемінде жасөспірімдердің қатысуымен 50 жол-көлік оқиғасы орын алып, 44 жасөспірім әр-түрлі дене жарақатын алып, ауруханағаларға жатқызылған.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі