ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
Мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімінің 2017 жылғы 11 қыркүйегіне (қоса алғанда) дейін ұзартылуы туралы хабарлаймыз.
Конкурсты ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ;
Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28;
пошталық мекенжайы: 120014;
электрондық пошта мекенжайы: dkb401059@gmail.com;
байланыс телефоны: 8 (7242) 40-10-59, 70-54-87;
Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ, аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдері;
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді. Ұсынылатын құжаттар тізімі:
- гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;
- заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
- өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама;
- бизнес-жоба;
- Бағдарлама және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
- кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2017 жылдың 17 тамызынан бастап 2017 жылдың 11 қыркүйегі аралығында, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (жергілікті уақытпен); Түскі үзіліс: 13:00-ден 15:00 аралығы.
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2017 жылдың
17 тамызынан бастап сағат 09:00 (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2017 жылдың
11 қыркүйегі сағат 18:00 (жергілікті уақытпен).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.