ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАР ЖОЙЫЛДЫ
Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға байланысты облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2017 жылы 40,9 млн. теңге бөлініп, 15058 бас ауланып, жойылды. Өлекселер ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес инсинератор пештерінде өртеліп және типтік жобадағы мал көмінділеріне тасталды. Бұл туралы облыстық ветеринариялық бақылау басқармасы басшысы Ерсұлтан Апетов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда облыс көлемінде мал көмінділерінің жалпы саны 146, оның ішінде 69 типтік жобада салынған. Қалған 77 қарапайым шұңқырларға типтік жобадағы мал көміндісін салуға облыстық бюджеттен кезең-кезеңімен қаржы бөлінетін болады.
- 2017 жылы Қазалы ауданында (Абай, Шәкен) 2 типтік жобадағы мал көміндісін салуға облыстық бюджеттен 23,5 млн. теңге бөлінді. Аудандық бюджеттен Арал 5,7, Жалағаш 6,0, Шиелі 4,2, Жаңақорған 4,2 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттарын дайындалуда, - дейді басқарма басшысы.