БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕР ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

Жаңа оқу жылында биыл аймақтағы жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылар контингенті 7 мыңға дейін көбейіп, онда 148 643 бала білім алады деп күтілуде. Оның ішінде, 1- сыныпқа келетін балалар саны 700-ге артып, 18911 –ге жетіп отыр.
Айта кетейік, облыстағы білім беру қызметінің жалпы саны 293. 9 бастауыш, 24 негізгі орта, 260 жалпы білім беретін орта мектептерде жүргізіліп жатыр.