БІЛІМДІ ЖАСТАР СЫНҒА ТҮСТІ
Жалағаш ауданы жастарының "Темірқазық" ҚБ ұйымдастыруымен 30 тамыз - Конституция күніне орай "Конституция кемел келешектің кепілі" тақырыбында интелектуалды сайысын өткізді.
Сайысқа 20 оқушы қатысып өз білімдерін көрсетті. Жүлделі І орынды Әлия Бекенова, ІІ орын Гүлім-Патша Манбаева, ІІІ орын Индира Сейсенбай иеленді.
Жеңімпаздарға алғыс хаттармен сыйлықтар табысталды.