ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТТЫ
Мемлекеттік қолдауымен Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы саласында тұрақты даму тенденциясы байқалады.
Айталық, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2013 жылы 270 мың шаршы метрді құраса, бұл көрсеткіш 2016 жылы 543,7 мың шаршы метрге дейін өсіп, соңғы төрт жылда екі есеге артқан.
Облыстық құрылыс бақылау басқармасының басшысы Марсбек Молдабаевтың айтуынша Бұл саладағы өсу динамикасы ағымдағы жылы да өз жалғасын тауып отыр. Мысалы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаралып, 141,3 мың шаршы метр болатын 41 көпқабатты (1809 пәтер) тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.
- Үстіміздегі жылғы 1 шілдедегі жағдайы бойынша барлық қаражат көздерінің есептерінен пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 306,9 мың шаршы метрді құрап, бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,4 пайызға өскен, - дейді басқарма басшысы.