ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН АТАЛЫП ӨТТІ
Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Елбасымыз айтып өткендей Ата Заң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың өзі екенін айқындайды, жаңа конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституция қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды. Осы атаулы мереке Қызылорда облысы қылмыстық - атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен бірге аталып өтті. Мерекелік шара мемлекеттік Әнұранмен ашылып, алғашқы құттықтау сөз ЗК-169/5 мекеме бастығы әділет подполковнигі Қалымбетов Тасболат Шәкенұлына берілді.
Сондай-ақ, ЗК-169/5 мекемесінің заңгері С.Абдрасилов сотталғандар арасында Ата заңымыздың маңыздылығын түсіндірді. Мерекелік шараның соңында сотталғандар арасынан жазасын өтеуші К.Камалов жазасын өтеуші азаматтарды айтулы мереке күнімен құттықтап, патриоттық тақырыптағы ән шырқап, Құрманғазының «Адай» күйін орындап берді.
Мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің бастығы әділет майоры С.Ким жаза мерзімін өтеушілер арасында бос уақыттарын тиімды пайдалану мақсатында спорттық және концерттік іс-шаралардың жиі өткізілуі алдағы уақыттарда да жалғасын табатынын атап өтіп. Айтулы шараның жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан мекеме қызметкерлері мен сотталғандарға алғысын білдірді.
ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖ бөлімінің бастығы әділет майоры С.Ким