ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ
Үстіміздіге жылы Қызылорда облысында 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 23 нысаның құрылысы өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. 31 құрылыс нысаны ағымдағы жылы басталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Молдабаев мәлімдеді.
Оның айтуынша жүргізіліп жатқан 6 мектеп, 2 балабақша, 1 спорт нысандары аяқталып, тапсырылған. Жыл аяғына дейін 18 әлеуметтік нысан құрылысы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған 28-нің құрылысы келесі жылы аяқталады.
- Есепті мерзімде басқарма тарапынан бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру бағытында 138 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелерімен орын алған кемшіліктерді жою жөнінде 50 нұсқама берілді және анықталған бұзушылықтар бойынша 53 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға 13 млн. 704 мың 760 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылды. Салынған айыппұл сомаларының 6 млн. 98 мың 580 теңгесі бюджетке нақты өндіріліп, 7 млн. 606 мың 180 теңгені мәжбүрлеп өндіру үшін құжаттары сот орындаушыларға жолданды, - дейді басқарма басшысы.