СЕКСЕУІЛДЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛДЫ
«30-тамыз Конституция күні» Арал ауданының әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлы Арал ауданы, Сексеуіл кентінде арнайы іс сапармен барды. Онда аудан әкімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлімінің Сексеуіл кенті секторының ашылу салтанатына қатысты.
Аудан орталығынан шалғайда орналасқан кентінің 12 000 жуық тұрғындары ендігі кезекте өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін кедергісіз алуға мүмкіндік тудырған аудан әкіміне және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.
Өкілдік халқы енді 600 ге жуық мемлекеттік қызмет түрін пайдалана алатындықтарына дән ризашылықтарын білдірді.