ӘДІЛЕТ КАПИТАНЫ «ҚАЖ ҮЗДІГІ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс – шара өткізілді. Аталған іс – шараға департаменттің жеке құрам қызметкерлері мен мекеме қызметкерлері қатысты. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, Департамент басшысы Ғ.Отарбаев барша департамент қызметшілерін Конституция күнімен құттықтай отырып, атаулы мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті.
Содан соң, департаменттің заң тобының бас маманы Б.Әбдиев «Ата заң- ел дамуының негізі» тақырыбында баяндама оқыды.
Іс шара барысында ҚАЖ департаменті және мекеме қызметкерлері қызметтегі жақсы жетістіктері үшін, ҚР ІІМ –нің, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының құзырымен грамота және алғыс хаттармен марапатталды. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімі бастығының орынбасары әділет капитаны Смағұлов Мұрат Аяғанұлы «ҚАЖ үздігі» төсбелгісімен марапатталды.