ҚАЙРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙЫРЫ БАР
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық филиалының мәжіліс залында өткен акция партияның «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобалары аясында өтті.
Қайырымдылық шарасына ауданға қарасты елді мекендерден әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектелуі 30 балғын мен олардың ата-аналары қатысты.
- Елбасы биылғы Жолдауында басты 7 бағытты атап көрсетті. Ондағы алтыншы бағыт – мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу мәселесі. Ол үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі азамттарға көмек көрсету біздің парызымыз, - деді шара демеушісі, «Қызылқұм» ЖШС-нің «Хорасан 1» кеніш директорының орынбасары Еркінбек Джаксылықов.
Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев Жаңақорған ауданында 621 мүмкіндігі шектуелі балғын есепте тұрғаны тілге тиек етті.
- Партия қабылдауына әлеуметтік мәселелермен көптеген өтініштер келіп түседі. Жыл басынан «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында 50 балығынға әлеуметтік көмек көрсетілсе, бүгін 30 баланы қамтып отырмыз. Дегенмен мүмкіндігі шектеулі азаматтар жәрдемақы алып қана қоймай, сонымен бірге өздерін қоғамның бір мүшесі екенін сезінуі тиіс. Бұл орайда «Нұр Отан» партиясының барлық құрылымдық бөлімшелері кең көлемде жұмысты жалғастыратын болады, - Мәжит Балқожаев.
Шара барысында балаларға мектеп формасы мен сабаққа қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Жаз бойы асыр салып ойнаған балалар енді жаңа киімдерін киіп мектепке баруды асыға күтетін секілді, қуаныштарында шек жоқ. Ал аналар болса балғындарына көрсетілген көмекке алғыстарын айтты.
- Жанымыз қысылғанда «Нұр Отан» партиясынан жылулық күтеміз. Өзімде, күйеуімде І топ мүгедегіміз. Жәрдемақыға қарап отырғандықтан мектепке дайындық жағы қиындық туғызады. Осындай қуаныш сыйлаған «Нұр Отан» партиясына алғысым шексіз, - деді аудан тұрғыны Эльмира Мамбетова.