ДАУЫЛ, ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 30 тамыз – 1 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, шаңды дауыл, 43°С қатты ыстық сақталады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы