АТА ЗАҢ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ
2017 жылғы 29 тамызда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында Ата Заң күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Мерейлі мереке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды.
Одан соң Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О. Қ. Бержанов: «Конституция – бұл Республикамыз бен халқымыздың жарқын болашағының кепілі», - атты ұранмен баяндама оқыды. Одан соң Қызылорда облысы ТЖД және ведомствалық бағынысты мекемелердің қызметкерлері мен ардагерлері медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері арасында өткен мини-фуктболдың жеңімпаздары да дипломдармен марапатталды.
Қызылорда облысы ТЖД