ОБЛЫС АУСЫЛДАН ТАЗА АЙМАҚ АТАНДЫ
2011 жылдан бастап республика бойынша 5 облыс буферлік аймаққа жатқызылған. Олардың арасында Қызылорда өңірі де болатын. Биыл 25 мамырда Париж қаласында өткен Халықаралық Эпизоотиялық Бюросының сессиясында 183 мүше ел өкілдерінің дауыс беру нәтижесінде облысымызға аусыл бойынша таза аймақ мәртебесі берілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов мәлімдеді.
Оның айтуынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша. Үстіміздегі жылы індет ошағы болып 117 елді мекен тіркелген. Осы елді мекендегі мал басы мен қора жайлардың (суат, шаңлақ) аумағын 2 рет көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарына қажетті препарат көлемі мен қаржысы есептеліп, облыстық жұмылдыру басқармасына ұсынылды.
Осы аталған мекеме тарапынан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша жеңімпаз болып анықталған мердігер мекемелер көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын толық жүргізді. Күзгі жұмыстары тамыз айының соңында басталады.