ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов аймақтағы құрылыс саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды марапаттады.
- Ең бейбіт және жасампаз кәсіптің өкілдері құрылысшылар – Сіздердің арқаларыңызда өңіріміздің бет-бейнесі жақсарып келеді. Бүгінде қаламызда салынып жатқан тұрғын үйлер, білім беру және медициналық мекемелер, мәдениет және спорт, сондай-ақ инженерлік, көлік инфрақұрылымы нысандарында қолтаңбаларыңыз бар. Биылғы жылдың өзінде өңірімізде жалпы құны 23,1 млрд.теңгені құрайтын 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Қанша азаматты жұмыспен қамтып, облыстың экономикалық қана емес, әлеуметтік жағдайының да жақсаруына ерекше үлес қосудасыздар», - деген Ғалымбек Жақсылықов сала мамандарының еңбегін ескере келе Кәсіпкерлер палатасы атынан марапатқа ұсынғандығын жеткізді.
ҚР Инвестициялар және даму Министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен - «СМП Қызылорда» ЖШС бетон цехы бригадирі - Байжұмаев Амантай Қуанбайұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы А.И.Мырзахметовтің Құрмет грамотасы -«Бақ-Береке» ЖШС-нің атқарушы директоры – Ерназаров Айбек Бабабекұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы А.И.Мырзахметовтің Құрмет грамотасы – «Бақ-Береке» ЖШС-нің Бас инженері – Абишов Ерболат Қаппарұлы марапатталды. «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы А.И.Мырзахметовтің Құрмет грамотасы –«Шалқыбаев» Жеке кәсіпкерлігінің басшысы – Шалқыбаев Қанат Айтышұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы А.И.Мырзахметовтің алғыс хатымен – «Жабдықтау» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлім басшысы – Кәрімов Руслан Серікбайұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы А.И.Мырзахметовтің алғыс хатымен – «Жабдықтау» ЖШС-нің прорабы – Қазыбеков Нағашыбай Маратұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы А.И.Мырзахметовтің алғыс хаты - «Бақ-Береке» ЖШС-нің монтаждаушы маманы – Өмірбек Серік Қуандықұлына табысталды.
Өз кезегінде құрылысшылар: «Марапаттау барысында басшылық құрамға емес, қарапайым мамандарға басымдық бергендіктеріңізге рахмет», - деп Палата басшысына алғысын білдірді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі