ШИЕЛІДЕ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТҚА ҚҰРЫЛЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

- Үш мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Ауданда цемент зауытының құрылысы бас¬талып кетті. Ақмая ауылында құны 70 миллион теңгелік 180 балаға арналған спорт кешенінің құрылысы бітті. Бәйгеқұм ауылындағы «Әсем» балабақшасы, Жөлек ауылындағы клуб ғимараттарына 150 миллионға жуық, №47 мектептің ескі ғимаратына 96 миллион қаражат қаралды. Ірі нысандардың құрылыс жұмыстары бір-екі жыл бұрын жоспарланады.
Біз келесі жылдарға Жөлек ауылында жаңа емхана, аудан орталығынан жаңадан аурухана ғимаратын салуды жос¬парлап, жоба сметалық қаржысын қарастырдық. Құрылыс жұмыстары бұнымен тоқтап қалмайтыны анық. Басқа да инфрақұрылымдар бойынша жұмыстар жалғаса беретін болады. Шиелінің әлеуеті артып, жақын болашақта қанатын кеңге жаяды. Барлық мәселелер түпкілікті шешімін тапқанша аянбай еңбек ете береміз» – деп сөзін қорытындылады аудан әкімі.