АЙМАҚТА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ САҚТАЛҒАН
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Онда басқарма басшысы облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында республикалық бюджет есебінен аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу, диагностикалық тексеру жұмыстары жылда тұрақты жүргізіліп келе жатқандығын айтты.
Үстіміздегі жылы облысқа аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға республикалық бюджет есебінен 5906,0 мың доза ветеринариялық препараттар қаралған. Осы іс-шараларды толық атқаруға 678,4 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі таңда облысқа 4261,9 мың доза (немесе 72,2%) ветеринариялық препараттар жеткізілді. Сонымен қатар облыстық бюджеттен 230,5 млн. теңге қаржы бөлініп (2016 жылы 167,9 млн. теңге бөлінген) жануарлардың энзоотиялық ауруларына қажетті ветеринариялық препараттар сатып алынып, бекітілген қадамдық іс-шаралар жоспарына сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.
- Сарып індетіне қарсы диагностикалық тексеру нәтижесінде ауру 45 бас МІҚ, 86 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылды. Ветеринария саласында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей, эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр, - басқарма басшысы.