ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Атырау қаласында белбеу күресінен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық спортшылар 21 жүлдені иеленіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды. 8 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатына облысымыздан 33 спортшы шеберлік байқасып, оның 21 жүлдемен оралды.
Қазақстан жеңімпаздары:
ұлдар:50 келі: Мұхит Шералиев (Шиелі), 60 келі: Мұхамедхан Сағындық (Түгіскен), 65 келі: Нұрсұлтан Өтепбергенұлы (Жаңақорған), 71 келі: Наурызбек Мамыт (Түгіскен), 90 келі: Ринат Тоғысов (Қармақшы).
қыздар:44 келі: Аида Қален (Түгіскен), 48 келі: Назерке Әбілтаева (Қармақшы),70 келі: Жұлдыз Жұмахан (Түгіскен).
Күміс жүлдегерлер:
ұлдар:45 келі: Ердәулет Әбенов, 60 келі: Елдос Мырзағұлов (екеуі де Көкшоқы), 71 келі: Өмірзақ Рахметов (Шиелі), 83 келі: Айберген Алдаберген (Түгіскен), +90 келі: Даурен Орынбай (Қазалы).
қыздар:52 келі: Диана Ғайбулла,+70 келі: Нұрбану Убайдулла (екеуі де Түгіскен).
Қола жүлдегерлер:
ұлдар:45 келі: Мейіржан Қоқантаев, 50 келі: Жандос Әбубәкір, 65 келі: Бауыржан Райымбеков (үшеуі де Шиелі).
қыздар:57 келі: Альмира Бектұрғанова (Көкшоқы), 63 келі: Ақмарал Дүрғараева (Шиелі), +70 келі: Айжан Бодықова (Қармақшы).
Үстіміздігі жылдың желтоқсан айында Ташкентте белбеу күресінен өтетін Әлем чемпионатына 1,2 – орындарды иеленген 15 спортшы қатысады.
Спортшыларды жарысқа белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Әбдісаттар Садықов дайындады.