ЖАСТАР «АБЗАЛ И К» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Ресей Федерациясы Үкіметінің бюджеті есебінен білім алушы жастар «Абзал и К» толық серіктестігінің басшылығымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.
Облыс әкімінің тікелей қолдауымен аймақ экономикасына білікті мамандар дайындау мақсатында 2014 жылдан бастап Сыр елінің үздік түлектері Ресей Федерациясы Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда.
Аталмыш жастардың алғашқы легі 2018 жылы оқу орындарын тәмәмдап елге келеді. Бітіруші түлектердің мамандықтарына сәйкес өндіріс орындарының жұмысымен танысу мақсатында экскурсиялар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Осы мақсатта агрономия, өндірісті автоматтандыру мамандықтарының бітіруші түлектері 2017 жылдың 26 тамызы күні «Абзал и К» толық серіктестігінің жұмысымен танысып мекеме басшылығымен сұхбаттасты.