БАЙҚОҢЫРДА БІРНЕШЕ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екендігі мәлім. Ресеймен бірлесіп қаланың тіршілігін қамтамасыз етіп, ортақ жобалар мен бағдарламаларды іске асырып, жалға беру шартында бірлесіп жұмыс жасайды.
1994 жылы халықаралық ғарыштық ынтымақтастық сұрақтарын кеңінен шешілуіне Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» кешенін жалға беру келісіміне қол қойылып, сол уақыттан бері ғарыш алаңын бірлесіп пайдалану мақсатында бірнеше келісім жасасты.
- Байқоңыр қаласы жалға беру шартымен жұмыс жасаса да, біз оның жетістікке жетуіне, әлеуметтік маңызды мәселелерін ескере отыра, абыроймен қарайтындығымызды ескере кеткен жөн. Бірақ, қазіргі таңда біздің міндеттеріміздің шешілуі жөнінде қысқаша айтып өтсем. Қазақстан-Ресей үкіметаралық құрылған комиссиясы «Байқоңыр» кешеніндегі маңызды мәселелердің шешілу жолдарын қарастырады, - дейді ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов.
Құрылған комиссияның негізгі міндетінің бірі «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартында дұрыс жұмыс жасалуын қамтамасыз ету және Байқоңыр қаласының тіршілігін жақсарту мақсатында жұмыс жасау.