«ҚЫЗЫЛОРДА-ТҮРКІСТАН» БАРЛЫҚ АУДАНДАР МЕН СТАНСАЛАРДЫ ҚАМТИДЫ
Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 км құрайды. Бүгінгі таңда, облыс аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық (Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді.
Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықовтың айтуынша осы жылдың 1 шілдесінен бастап № 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы қосылды. Аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін екі вагоннан құралған пойыз оңтүстік бағыттағы барлық аудан орталықтары стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтып отыр.