БАЙҚОҢЫРДА 52 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
Байқоңыр қаласында жыл басынан бері жұмыссыздыққа тіркелген адам саны 384. Жұмыс іздеуші ретінде тіркелгендер саны 608 адам, оның ішінде 52 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысқа жіберілгендері 6 адам және жастар практикасына орналасқандары 6 адам болса, жұмыс орнына қысқарған азаматтар саны 89 адамды құрап отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов мәлімдеді.
Сонымен қатар мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы байқоңырлық 1220 зейнеткерге ай сайын 57,2 млн теңге төленген , 574 адамға 18,8 млн теңге төленген. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2771 адамға 20, 2 млн теңге көлемінде төленіп отыр.
- 1 жасқа дейінгі балалы 714 адамға 13,4 млн теңге , мүгедек балаға қарауға байланысты жәрдемақы 281 адамға 7,4 млн теңге ай сайын төленуде, - деді Бақытбек Бекпанов.