ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 190 МЛН. ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ
Қызылорда облысында 2017 жылдың 7 айы бойынша болжаммен 190 млн. жолаушы тасымалданып, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,5 пайызға артып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жолаушылар айналымы болжаммен 3529,5 млн. жолауш./км. құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 107,4 пайызды құрады.
Айта кетейік, 2017 жылдың 15 тамызында қала көлемінде қызмет көрсететін үлкен сыйымдылықтағы автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы және автобустардың үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктері қарастырылған жаңа коммуналдық автобус паркі ашылды.