ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВ ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
Кеше Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын сенімді түрде жеңді.
Қоңқабаевқа алғашқы кездесуде неміс боксшысы Макс Келлер қарсы тұрған болатын. Келлер Қоңқабаевтан айтарлықтай денелі. Қазақстандық боксшысы қашықтан бокстаса жүріп, жылдамдығы әрі дәлдігі арқасында айқын жеңіске жетті. Төрешілердің көпшілігі 30:25 есебімен жеңісті Қамшыбекке берді. Ширек финалда Қоңқабаев өзбек боксшысымен шығады. Бахадыр Жалолов нидерланд боксшысын бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Өкінішке орай, Азамат Исақұлов (52 кг), Әділет Құрметов (60 кг) және Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) шайқаста жеңілді.
Назарларыңызға Әлім чемпионатының видеосын ұсынамыз. Онда ширек финалда қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев неміс боксшысы Макс Келлерді жеңген.