ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОСЫ АПТАДА 4 КҮН ДЕМАЛАДЫ
Тамыздың соңы мен қыркүйектің басында елімізде арнайы демалыс берілетін екі бірдей маңызды мереке тойланады. Яғни, осы аптада қазақстандықтар төрт күн демалады, деп хабарлайды Baq.kz.
Сәрсенбі, 30 тамыз Конституция күні болғандықтан демалыс беріледі. 31 тамыз – жұмыс күні. Одан кейін Құрбан айттың бірінші күні – 1 қыркүйек демалыс болады. Ал 2-3 қыркүйек сенбі-жексенбіге түсіп тұр.
ҚР Қонституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Құрбан айт мерекесі – мұсылман мемлекеттерінің, оның ішінде еліміздің басты діни мерекелерінің бірі.