БАСПА ӨНІМДЕРІН САҚТАҒАН АЗАМАТ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда ОІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тиісті тексеру жұмыстарын жүргізу барысында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған кітаптар сақтағаны үшін Қызылорда қаласының 1984 жылғы тұрғынын анықтайды. Айғақ зат ретінде кітаптар алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Нәтижесінде аталған азаматтың заңға қайшы іс-әрекеті расталып, деструктивті діни ағымды ұстана отырып, діни алауыздықты қоздыруға бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған өнімдерді сақтағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, соттың шешімімен 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға жазаланды.
Осыған сәйкес, облыс тұрғындарына экстремистік мазмұндағы баспа өнімдерін тарату мақсатынсыз сақтағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып, экстремистік басылым өнімдерінің тізімі Қазақстан Республикасы Прокуратурасының ресми сайтында орналастырылғандығын хабарлаймыз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі