ҚЫЗЫЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР
Жарыстардың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, мекемелердің ең күшті спортшылары мен командаларын анықтау.
29 тамызда М.Ералиева Мәдениет үйінің спорт залында каратэ, таеквондодан қалалық ашық біріншіліктер басталса, 30 тамызда орталық алаңда стритболдан ерлер мен әйелдер командалары өзара шеберлік байқасады.
30 тамызда орталық алаңда таңғы сағат 10.00-ден бастап асық ату, гір көтеру, қол күресі және стрит воркауттан жастар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, таеквондодан көрсетілім қойылса, әр түрлі спорт түрлерінен флешмобтар ұйымдастырылады.
Мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар гимнастикалық жаттығулар мен жеңілатлетикалық жүгіруге қатысады.
Барша қала тұрғындарын айтулы спорттық жарыстарды тамашалауға және қатысуға шақырамыз!