ЕЛБАСЫ АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІН ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШУ ҮШІН ҮКІМЕТКЕ ҚОСЫМША 70 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛУДІ ТАПСЫРДЫ
Апатты мектептер мәселесін шешу үшін Үкімет қосымша 70 млрд. теңге бөлетін болады. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Апатты мектептер мен үш ауысымды оқытулар мәселесін аяқтайтын уақыт жетті. Бұл біздің сайлауалды бағдарламамыздағы негізгі индикаторлардың бірі болатын. Ал үшжылдық бюджетте қарастырған қаражат бұл проблеманы 2017 жылға дейін шеше алмайды. Сондықтан да Үкіметке осы проблеманы шешуге 70 млрд. теңге қосымша бағыттауды тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі орын жетіспеушіліктер проблемасын алдағы үш жылда шешуді жүктеді. Бұл үшін қосымша 20 млрд. теңге бөлінетін болады. «Алайда, бұл мәселеде мемлекет қаражатын оңды-солды шашуға жол берілмейді, жеке бизнес те осыған бару керек, әкімдер оларды осыған қызықтырулары керек», - деді Мемлекет басшысы.