АЙМАҚ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Қызылорда облысында 2017 жылдың І-ші жарты жылдығына жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге 2704,4 млн. теңге игеріліп, 28 км жолдар мен көшелер жөндеуден өткізілді, 1 көпір пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов мәлімдеді.
Оның айтуынша биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 8,9 млрд. теңге бөлініп, 165 км шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарлануда.
- Сонымен қатар, 4-көпір салу және 2-көпірге қайта жаңғырту және 1-көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63% болып бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады, - дейді басқарма басшысы.