СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Департаменттің бағынысындағы құрылымдық бөлімшелері («ӨСжАҚЖҚ» ММ) мен ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ қызметкерлері бірлесіп тұрғындар арасында рейд жүргізді. Оған 132 қызметкер жұмылдырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Департаменттің Қызылорда қалалық ТЖБ, аудандық ТЖ бөлімдері, «ӨСжАҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімшелерінің және «ОӨАЖҚЖ» ММ қызметкерлері Қызылорда облысы аумағындағы су айдындар жағалауында суға түсуге арналмаған жерлерде төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 1500-нан астам үнпарақтар таратылды.