ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың 6 ай мерзімінде ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағына сай, яғни діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және немесе тарату бойынша барлығы екі әкімшілік іс қаралып, қорытындысы бойынша 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексімен терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу, сондай-ақ, террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау үшін әкімшілік жаза көзделген.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексімен Қазақстан Республикасының заңнамасында:
1) дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;
2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;
3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;
4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу әкімшілік жазаға әкеліп соғады.