МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша секторынан жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы бойынша 1361 отбасына 15,07 млн теңге, атаулы әлеуметтік бойынша 68 жанұяға 2,84млн теңге, үйде оқытылатын мүгедек балаларға жәрдемақы бойынша 39 жанұяға 790 мың теңге, тағайындалып төленген. Сонымен қатар тұрғын көмегі бойынша 962 отбасына 47,8 млн теңге тағайындалып төленген. Бұл туралы ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов мәлімдеді.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жыл басынан бері 29160 дана міндетті гигиеналық жөргек таратылып, 10 кресло -қорап, 2 сағат, 1 көп жүйелі дабыл шығарғыш, 2 балдақ , 2 жетек арба, 1ұялы телефон берілді.
- Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы 1220 зейнеткерге ай сайын 57,2 млн теңге төленген, 574 адамға 18,8 млн теңге төленген. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2771 адамға 20, 2 млн теңге көлемінде төленіп отыр. Сондай-ақ, 1 жасқа дейінгі балалы 714 адамға 13,4 млн теңге , мүгедек балаға қарауға байланысты жәрдемақы 281 адамға 7,4 млн теңге ай сайын төленуде, - дейді ол.