БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ГАЗ БЕРІЛЕДІ
Ағымдағы жылдың қараша айында Байқоңырдағы 6 тұрғын үй (447 пәтер) газбен қамтылуға жоспарлануда және 2017 жылдың аяғына дейін екінші кезектегі 14 тұрғын үйге газ беруді қамтамасыз ету (954 пәтер) жоспарланған. Бұл туралы ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов мәлімдеді.
Оның айтуынша Ресей тарапымен тұрғын үйлерді газбен қамту техникалық кестесі әзірленген. Техникалық кесте ҚР «КазТрансГаз Аймак» АҚ келісіліп бекітілген.
Газдандырудың техникалық кестесіне сәйкес Байқоңырдағы тұрғын үйлерді толық газдандыруға сметалық есептер жүргізілді. Жалпы құны 106 млн.руб. құрайды.
Қала тұрғындарына ауыстыру үшін жаңа газ плиталары сатылып алынды. Бірінші кезекте 6 тұрғын үйлерге газ плиталарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді (7 шағын ауданы). Газ беруге және сынақ жүргізуге тұрғын үйлердің техникалық дайындығы қамтылды.