ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАС СУДЬЯЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар судьялар және Жас судьялар кеңесі мүшелерімен кездесті.
Іс-шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев өз сөзінде мемлекет басшысының cудьялардың VII съезі және Қазақстан халқына Жолдауында соттарға қойған міндеттерін атап өтті.
Шара барысында Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Думан Әлиев Жас судьялар кеңесінің 2015 жылдың қыркүйек айында құрылғанын жеткізіп, кеңестің бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстарына тоқталды.
Жиында Қызылорда облысы жас судьялар Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру туралы ереже бекітілді. Сондай-ақ, жас судьяларға тәжірибелік көмек көрсетіліп, іс қараудағы ерекшеліктер бойынша кеңестер берілді.
Қамбар Нұрышев жас судьяларға судья әдебі нормаларын мүлтіксіз сақтауды және кәсіби дағдыларды тұрақты түрде арттырып отыруды тапсырды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі