ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ
Бүгін 28 тамыз сағат 15.00-де А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтеді.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбына арқау ететін кеңеске облыс әкімі Қ.Көшербаев және ҚР білім және ғылым министрлігінен өкілдер қатысады.
Айта кетейік, телекөпір аудандық және қалалық білім саласының қызметкерлері тікелей байланыс арқылы көре алады.