ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СОТТАРЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облысы соттарының судьялары арасында азаматтық, қылмыстық істерді қарау барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылау мақсатында семинар сабағы өтті.
Шараға облыстық соттың алқа төрағасы, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев алғы сөзінде тәжірибе алмасу үшін облыс судьяларының қатысуымен өткізілетін семинарлардың маңыздылығын айтып өтті.
Облыстық соттың судьясы Светлана Жуынтаева «Сараптама тағайындау негіздері» баяндамасында, сот сараптамасының шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтауға арнайы ғылыми білім негізінде қылмыстық, азаматтық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу мақсатында жүргізілетінін жеткізді.
Қызылорда қаласының №2 сотының судьялары Жұлдыз Жакеева мен Думан Әлиев өз баяндамаларында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот үкімі және Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы нормативтік қаулыларының сот актілерінде қолдану барысына тоқталды.
Облыстық соттың судьясы Клара Қаниева ағымдағы жылдың шілде айында бұзылған, өзгертілген сот актілерінің себептеріне жүргізілген тексеру қорытындысын талқылады.
Ал, облыстық соттың судьясы Жанат Оспанова корпоративтік дауларды қарау бойынша жасалған қорыту және заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қараудың сот практикасымен таныстырды. Өз сөзінде Ж.Оспанова: «қорытудың мақсаты – істер бойынша сот практикасын зерделеу, соттардың құқық қолдану практикасында туындайтын мәселелерді анықтау, заңнаманы біркелкі қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу», - деді.
Семинарға қатысушылар іс-шара соңында баяндамаларды талқылап, тиісті ұсынымдар жасады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі