ҚАЙТА ДАЯРЛАУ – ЖАҢА МҮМКІНДІК
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялау сәтінде 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасының басталатындығын айтқан болатын. Бұл міндетке сәйкес, мемлекет әрбір адамға жеке мамандық беруді қолға алады.
Осы орайда Қазалы ауданында қыркүйек айынан бастап 150 адамды ұзақ мерзімді оқуға жіберу жоспарланды. Бағдарламаға 15-24 жас аралығындағы жастар, тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11 сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспегендер және жұмыс іздеп жүрген жандар қатыса алады. Ұзақ мерзімді кәсіптік оқу екі жарым жылға созылады.
Ал қысқа мерзімді қайта даярлауға республикалық бдюжеттен 53648 мың теңге қаралған. Оқу мерзімі бір ай мен алты ай аралығында. Бұл курста негізінен жұмысшы мамандықтар мен қызмет көрсету саласы бойынша оқытылады.