ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша 30 тамыз Қазақстан Республикасының «Конституция күнін» мерекелеуге байланысты Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің «Динамо» спорт кешенінде Төтенше жағдайлар департаментінің ведомствалық бағынысты мекемелері арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа барлығы 8 команда қатысты. Ойындар өте қызықты, әрі тартысты өтті.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник С. Молдақараев өз сөзінде осы тектес жарыстардың өткізілуі қызметкерлер арасында спортқа деген сүйіспеншілікті арттыратындығын және патриоттық рухты көтеретінін айта кетті. Жарыс қортындысы бойынша 1-орынды Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар депаратменті, 2-орынды «ӨС және АҚЖҚ» ММ №8 ӨСБ иеленсе, 3-орынды «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» иеленді. Орын алған командалармен номинациялар бойынша үздік спортшылар бағалы сыйлықтармен және кубокпен марапатталды.