КЕСЕНЕ КҮТІМІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ
Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімдігінің ұйымдастырумен Жанқожа батыр кесенесінің маңайын қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев бастаған әкімшілік қызметкерлері, кент әкіміне қарасты балабақша ұжымдары қатысты.
Тазалық барысында кесенеге кіре-беріс қақпадан бастап ішкі, сыртқы аумағындағы шөптерді шабу, аяқ су арықтарының жолдарын ашу, қисық өскен бұтақтарды кесу бордюрлер мен талдарды әктеу жұмыстары атқарылды.
Игі іске 1 техника тартылып, 45 адам жұмылдырылды. Нәтижесінде 15 текше метр қоқыс арнайы орынға шығарылды.
Жалпы, Жанқожа кесенесі аудан орталығындағы тарихи ескерткіштердің ішіндегі киелі орын саналатындығы баршаға аян.
Дегенмен, кесенеге келіп тағзым етушілер айналасын бүлдіріп, ішкен сусындарының бөтелкелері мен ыдыстарын тастап кететіндігі қынжылтады. Әсіресе, жастар тарапынан осындай өрескел әрекеттер көптеп кездесуде. Алдағы уақытта осындай келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында әкімдік тарапынан тиісті жұмыстар жүргізу жоспарлануда.