ШАҢДЫ ДАУЫЛ СОҒАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 26-28 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел сақталады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы