«БӘЙТЕРЕК» ЗҒК «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНIН ТИIМДI ПАЙДАЛАНУҒА МҮМКIНДIК БЕРЕДІ
Өткен жылы желтоқсанда Байқоңыр қаласында «Бәйтерек» жобасын іске асыру Шарттары және 2016-2025 жылдарға арналған «Бәйтерек» жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілген болатын.
«Бәйтерек» ЗҒК қызметінің басталуы (алғашқы ұшырылым)-2025 жылы. Дегенмен, 2017 жылы 13 маусымда «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы барысында Ресей тарапынан Қазақстан тарапына басқарылатын ұшырылымдарды жүзеге асыру мүмкіндігін қоса алғанда 2022 жылы ұшу сынақтарын бастауды қамтамасыз ету үшін «Бәйтерек» ЗҒК құруды жеделдету ұсынылған.
«Бәйтерек» жобасын іске асыруды жеделдетуге және ЗҒК перспективалық басқарылатын көлік кемесін ұшыру үшін Қазақстан тарапы қызығушылық танытты.
«Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындысы бойынша Тараптар «Зенит-М» зымыран ғарыштық кешені жерасты ғарыштық инфрақұрылым объектілерін Ресей Федерациясының жалдық құрамынан алып тастау және Қазақстан Республикасына оларды беру туралы Шешімді мақұлдады.
Бүгінгі күнге «Байқоңыр» кешенінде іске асырылатын ғарыштық жобаларға қазақстандық мамандардың тікелей қатысуы шешілуде. Былтырғы жылдан бері Қазақстан және Ресей ғарыштық салалары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде алғашқы рет қолданыстағы «Протон-М» ЗҒК пайдалануға 92 қазақстандық мамандар қатысып жатыр. Бұл туралы ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов мәлімдеді.