ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризм бойынша қылмысқа қатыстылық пен қылмыстылық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылықты көздейтін заңнама нормалары туралы баспасөз мәслихаты өтті.
Оған Қызылорда облыстық прокуратурасының бөлім бастығы Бақытжан Бұқарбаев, Қызылорда облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры Сағыныш Тастанов, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Балғабай Жаңабаев, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Олжас Абдукаликов қатысты.
2017 жылы ҚК-тің 273-бабы бойынша, яғни терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бергені үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚК-тің 174-бабының 1-бөлігімен, яғни әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздық қоздыру бойынша облыста жыл басынан бері 5 қылмыстық іс қаралып аяқталған, оның ішінде 3 адамға қатысты 4 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалса, 2 адамға қатысты 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазалары тағайындалған.
Жиынға қатысқан сала мамандарының айтуынша биылғы жылы діни алауыздықты қоздыру фактілері бойынша қозғалған 8 қылмыстық істердің барлығына процесс прокуроры тағайындалып, сотқа жолданған істер бойынша жаза тағайындау түріндегі сот үкімдері қабылданды.
Облыс тұрғындары әкімдіктің қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесінде орналасқан «Жамағат» және Тоқмағанбетов көшесіндегі «Жанұя», Арай мөлтек ауданындағы «Жамағат» дүкені арқылы діни әдебиеттер, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттарды алуларына болады.
Бұдан бөлек, дін мәселесіне қатысты сұрақтар туындап, өзін толғандырған жағдайлар бойынша облыс көлемінде орналасқан кез-келген мешітке барып, имамынан кеңес алуға мүмкіндіктері бар.