ЖАСТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН БОЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен облыстық партия филиалының мәжіліс залында «Сәтті қадам» партиялық жоба аясында ҰБТ-да шекті деңгейге жете алмаған немесе мүлдем қатыспаған мектеп түлектерімен кездесу өтті.
Кездесуге облыстық білім басқармасы, жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері, жұмыс берушілер де қатысты.
Жалпы өңірде Ұлттық бірыңғай тестілеуден шектік балл жинай алмаған 342, ал тестілеуге мүлдем қатысаған 2073 түлектер анықталды. Қазіргі таңда ҰБТ- дан өте алмаған 342 түлектің 183 –і жоғары, 124-і арнаулы орта оқу орындарына қабылданса, 29 жас жұмысқа орналасты. Мүлдем қатыспаған түлектер де партия назарынан тыс қалып жатқан жоқ»,- деді кездесу барысында облыстық "Жас Отан" Жастар қанатының төрағасы Абылайхан Сабанбаев.
Төрағаның айтуынша ҰБТ – ға қатыспаған 2073 жастың, 582 –і жоғары оқу орнына түскен. Жұмыспен қамтылғандарының саны 220. Қайта даярлау курстары мен әскерге жолдама алып отырғандары да бар. Мен тестілеуде шекті балл жинай алмадым. Не істерімді білмеген соң «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалына барып көмек сұрадым. Маған «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында қайта даярлау курсынан өтіп, мамандық алу ұсынылды. Келістім. Қазір шаштараз мамандығын игеріп, қаладағы беделді шаштараздардың бірінде жұмыс жасап жүрмін. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар арқылы өзімнің жеке шаштаразымды ашсам деген ойым бар. Біздерге қамқорлық танытып, отырған «Нұр Отан» партиясына алғысым шексіз»,- дейді мектеп түлегі Айдана Жұмабек.
Кездесу барысында түлектерге «Сәтті қадам» партиялық жобасының, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамту» мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігі жан-жақты насихатталып, қысқа мерзімді курстардан өтіп, мамандық алу мәселелері ұсынылды.