БАЙҚОҢЫРДАҒЫ 6 МЕКТЕП ПЕН 1 БАЛАБАҚША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТАНДАРТПЕН ҚЫЗМЕТ АТҚАРУДА
Байқоңыр қаласының барлық мектептері замануи талаптарына сай физика, химия, биология, ағылшын тілі, тарих, география, технология кабинеттерімен жабдықталған, ағымдағы жылы робототехника кабинетімен қамтылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов мәлімдеді.
Байқоңыр қаласының білім жүйесі дамыған түрлі білім беру орталықтарымен жабдықталып, оқушылардың мектепке дейінгі, жалпы, жоғары және қосымша білім алуына қолжетімділігін қамтиды.
Қазақстандық стандартпен 5 мектеп және 1 балабақша білім беру қызметін атқаруда. Бала саны 4855 құрайды. Балабақшадағы бала саны 280.
БМЕ (бірыңғай мемлекеттік емтихан) қатысқан мектеп бтірушілер саны - 252 оқушы (өткен жылдың осы кезеңінде – 259 оқушы).
Қазақ мектептеріндегі түлектер саны - 220, ҰБТ қатысқандары 182, 87 % қатысып отыр, ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 80,58%.
Мектептің жұмыс тәртібінің бірі тамақтандыруды ұйымдастыру. Барлық білім беру мекемелерінде тамақтандыру санитарлық-эпидемиялық нормалар мен ережелердің талаптарына сай ұйымдастырылуда. Қазақ мектептерінде ыстық тамақпен 660 оқушы қамтылған.
- Қосымша білім беру орталықтарына қатысушы балалар саны 4794 оқушы. 2017 жылдың 1 жартыжылдығында орта кәсіби оқу орындарының студенттер саны 991 адамды құрады. 2017 жылдың 6 айында 138 маман оқу орындарын толық аяқтады.2017 жылдың 1 шілдесіне жоғары оқу орындарындағы студенттер саны(барлық білім беру нысандары бойынша)606 адам.35 Бітіріп шыққан мамандар саны 35 маман. Қазіргі таңда мектептердегі 2-5-7 сыныптар 41,075 жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтарымен қамтылды. 1-3-4 сыныптарға қосымша оқулықтар 43,142261 теңгеге алынды, - дейді Бақытбек Бекпанов.