БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЛЫҒЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың сайты.
"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген Президенттің жарлығында.
Бұған дейін Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған еді.
Ол 1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған.
Еңбек жолын Қызылорда облысының Задария кеңшарында жұмысшысы болып бастады. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары республикалық басқармасында экономист, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігінде экономист болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары болды, ҚР Президенті аппаратында және Министрлер кабинетінде жұмыс істеді.
1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі, 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006), ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі (2006-2007), ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (9.02.07-27.08.07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдың 27 тамызынан бастап, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.